Оңтүстік өңірлерде су үнемдеу технологиялары шамамен 59 мың гектар жерге енгізілді, деп ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлайды.
Атап айтқанда, 15,5 мың га жаңбырлатып суару жүйесімен, 29,4 мың га тамшылатып суарумен қамтылды, ал 14,1 мың га жер лазерлік тегістегішпен тегістелді.
Салыстырсақ, 2024 жылы бұл технологиялар 158 мың гектар жерге енгізілді, оның ішінде 130 мың гектар — оңтүстік өңірлерде.
«Өткен жылы министрлік фермерлердің су үнемдеу технологияларын сатып алу мен орнатуға кеткен шығындарының орнын толтыру үлесін 30%-ға арттырды. Сонымен қатар, суаруға арналған суды субсидиялаудың сараланған тәртібі енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданатын аграршылар үшін субсидия көлемі 60%-дан 85%-ға дейін көбейді. Бұл су ресурстарын 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», — деді ҚР СРЖИМ Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мандібаев.
Бүгінде Қазақстанда жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жабдықтарын шығаратын төрт зауыт жұмыс істейді — Түркістан облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында. 2025 жылы Түркістан облысында тағы үш зауыт ашу жоспарланған.
Дереккөз: gov.kz