Новости KZ

Тараз қаласында су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады.

ҚХР инвесторлары Тараз қаласында су ресурстары мен ирригация жүйелерін басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт ашады. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Yellow River Engineering Consulting Co. Ltd компаниясының директоры – бас экономисі Ин Дэвэнь қол қойды. Шетелдік делегация құрамында Leture Technology және Cheng Cheng Group компанияларының басшылары да болды.

Кәсіпорын цифрлық шешімдер өндіруге маманданады. Атап айтқанда, су ресурстарын бөлуді автоматты түрде бақылау және басқару жүйелері, су деңгейі мен сапасын өлшейтін датчиктер, ирригация желілерін диспетчерлеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешендер, сондай-ақ су тасқыны мен төтенше жағдайларды ерте ескерту жүйелері шығарылады.

Толығырақ: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі