Новости KZ

Қазақстан Президенті мен Wilo су ресурстарын басқаруда жасанды интеллектіні қолдануды талқылады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Wilo Group президенті әрі жаһандық бас директоры Оливер Гермеспен кездесті. Кездесу Германия Федеративтік Республикасына ресми сапар аясында өтті.

Тараптар инфрақұрылымды дамыту және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін, сондай-ақтехнологиялық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Оливер Гермес сушаруашылығын цифрлық трансформациялауға арналған Wilo WATER-AI жаһандық стратегиясын таныстырды. Стратегия жасанды интеллектіні компанияның өнімдері мен жүйелеріне енгізуді, клиенттердің цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуді және инновациялық мәдениетті дамытуды көздейді.

Германия-Қазақстан экономикалық форумында Wilo өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойды: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және Алатау қаласының әкімдігімен.

Зияткерлік және цифрлық шешімдер Қазақстанның сушаруашылығын жаңғыртудың негізгі бағыттарының біріне айналып келеді. Бұл тақырыптар 2027 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтетін SU ARNASY Water Expo 2027 көрмесінде дебасты назарда болады. Көрме сумен жабдықтау, су бұру, суды тазарту және су ресурстарын басқаруға арналған жабдықтар мен технологиялардың өндірушілері мен жеткізушілерін біріктіріп, кәсіби диалог пен сала үшін шешімдер іздеу алаңына айналады.

Дереккөз: Zakon.kz, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
2026-10-06 17:46