Новости KZ

Астанада су ресурстарын есепке алу мәселелері дөңгелек үстелде талқыланды

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Су Қауымдастығы (ҚСҚ) «Су тұтынушыларын аспаптандырудың өзекті мәселелері: сын-қатерлер, шешімдер және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚСҚ баспасөз қызметі. Оған су жеткізуші ұйымдар, су есептегіш құралдарын өндірушілер мен жеткізушілер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – су тұтынуды есепке алу жүйесін жетілдіру және сумен жабдықтаудың ашықтығын арттыру. Қатысушылар қазіргі жағдайды, нормативтік реттеуді, заманауи аспаптарды енгізуді, жабдықты пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды талқылады.

Нәтижесінде заңнаманы жаңарту, инновацияларды қолдану және ведомствоаралық әріптестікті нығайту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Дереккөз: Қазақстан Су Қауымдастығының баспасөз қызметі