Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінде елде Су ресурстарын зерттеу орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан Су Ассоциациясы.
«Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге – шөлейттену, құрғақшылық, су қоймаларының тартылуы, мұздықтардың еруі және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңа орталық су ресурстарын тиімді басқаруға, қоршаған ортаны қорғауға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.