Новости KZ

SU ARNASY – Water Expo 2026 көрмесіне келушілерді тіркеу ашылды!

SU ARNASY – Water Expo 2026 — Орталық Азиядағы су индустриясы саласындағы жетекші салалық іс-шара.

2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында су индустриясына арналған жабдықтар мен технологиялардың XV Халықаралық мамандандырылған SU ARNASY – Water Expo 2026 көрмесі өтеді.

Неліктен көрмеге бару керек?

SU ARNASY – Water Expo — сумен жабдықтау, су бұру, су тазарту және су ресурстарын ұтымды пайдалану салаларындағы озық технологиялармен, заманауи жабдықтармен және инновациялық шешімдермен танысуға арналған кәсіби алаң.

Көрме аясында сіз:

• ең жаңа шешімдер мен жабдықтарды көре аласыз;

• саланың негізгі трендтері мен даму бағыттарымен таныса аласыз;

• жаңа іскерлік байланыстар орнатып, серіктестік желіңізді кеңейте аласыз;

• іскерлік бағдарламаға қатысу арқылы кәсіби біліктілігіңізді арттыра аласыз;

• су инфрақұрылымын орнықты дамыту бойынша өзекті ақпарат ала аласыз.

Көрме инженерлер мен технологтарға, мемлекеттік органдардың өкілдеріне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) мамандарына, экологтар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшыларға, қалалық және ауылдық су арналарын басқару ұйымдарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, жобалау және құрылыс ұйымдарының өкілдеріне, сондай-ақ жабдық дистрибьюторлары мен жеткізушілеріне ерекше қызықты болады.

Көрме қатысушылары

Көрмеге 10+ елден 70-тен астам компания қатысып, су саласына арналған шешімдер мен технологияларды ұсынады, соның ішінде:

● су дайындау және су тазарту;
● ағынды суларды тазарту және тұнбаларды өңдеу;
● сорғы, құбыр және реттеуші арматура жабдықтары;
● тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен қалалық инфрақұрылымға арналған шешімдер;
● автоматтандыру, цифрлық шешімдер және су ресурстарын мониторингілеу;
● экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау.

Қатысушылар қатарында жетекші өндірушілер мен жабдық жеткізушілер бар: ГРУНДФОС КАЗАХСТАН, WILO Central Asia, АТЕ, Aivalve Intelligent Fluid Equipment Hebei Co., Ltd және басқа да көптеген компаниялар.

Өтетін орны мен уақыты

«EXPO» халықаралық көрме орталығы,

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 53/1

Көрменің жұмыс уақыты:

• 1 сәуір (сәрсенбі): 09:30–18:00

• 2 сәуір (бейсенбі): 09:30–18:00

• 3 сәуір (жұма): 09:30–15:30

Көрмеге кіру алдын ала тіркелу шартымен барлық келушілер үшін тегін. Бейдж алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Байланыс деректері

Компаниялардың қатысуы бойынша:
Асия Хасенова
Тел.: +7 7172 64 23 23 (ішкі 209)
E-mail: asiya@astana-expo.com

Келушілер мен PR мәселелері бойынша:
Шырын Сулейменова
Тел.: +7 7172 64 23 23 (ішкі 221)
E-mail: ssh@astana-expo.com
2026-01-15 11:09