Новости KZ

Қазақстан мен Германия су ресурстары саласындағы әріптестікті нығайтады

Астанада «Қазақстандағы су секторының дамуы және қазақстан-герман ынтымақтастығының перспективалары» атты конференция өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Германияның экономика және энергетика саласының сарапшылары, сондай-ақ су ресурстарын басқару және инфрақұрылыммен айналысатын ұйымдар қатысты.

ҚР ӨҚМ Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов су саясатының негізгі бағыттарын атап өтті: ресурстарды ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту және халықаралық әріптестікті кеңейту.

Тараптар тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Конференция қорытындысында Қазақстан мен Германия су секторындағы бірлескен жобаларды дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екендігін растады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
2025-09-17 16:54