Жуырда біздің командамыз Rixos President Astana қонақ үйінде өткен Қазақстан-Корея су саласындағы семинарға қатысты. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдары, ғалымдар мен инженерлер, сондай-ақ Кореядан келген сарапшылар – барлығы 80-нен астам қатысушы жиналды.
Корея делегациясы K-water, K-eco және тағы он жетекші компанияның өкілдерінен құралды. Олар су тазарту жүйелерінің заманауи шешімдерін, цифрлық мониторинг платформаларын және қалалардың тұрақты дамуына арналған экологиялық технологияларды таныстырды.
Семинардың негізгі сәттері – Корея Республикасының Елшісі мен ҚР Су ресурстары министрінің құттықтау сөздері, тақырыптық презентациялар, талқылаулар және практикалық шешімдерге бағытталған B2B-кездесулер.
Бұл ынтымақтастықтың басты маңызы – су ресурстарын қорғау, аймақтың экологиялық тұрақтылығын арттыру және Қазақстан мен Корея арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге шығару.
Дереккөз: Қазақстан Су Қауымдастығы